Павлодар облысында қос азаматтықпен жүрген әйел анықталды

Фото: pexels
Құқық қорғау органдары көрші мемлекеттің азаматтығын да иеленген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы уәкілетті органдарға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті. Алайда әйел бұл туралы көші-қон қызметіне немесе еліміздің дипломатиялық өкілдіктеріне хабарламаған.

"Шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін әйел жауапкершілікке тартылды. Шарбақты аудандық сотының шешімімен ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылып, еліміздің аумағынан шығарылды, сондай-ақ оған Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері өңірде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін 5 азамат жауапкершілікке тартылған.

Олардың екеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, елге кіруге тыйым салынды.

"Заң мен тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаты болып қала береді. Заң бұзған тұлғалар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді