Алматыда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматыда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен жас азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, күдікті әлеуметтік желі арқылы берілген хабарландыруға жауап беріп, есірткіні жасырын қойып кетуші ретінде жұмысқа орналасқан. Ол кураторлардың нұсқауларын орындап, есірткі заттарын арнайы жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан. Күдіктінің айтуынша, заңсыз әрекетпен ұзақ уақыт айналыспаған.

"Тәжірибе көрсеткендей, есірткі қылмыстарына тартылғандардың басым бөлігі – интернеттегі оңай табыс туралы жарнамаларға сенген жастар. Алайда мұндай ұсыныстардың артында ұйымдасқан қылмыстық схемалар тұрады. "Жұмыс" уақыты мен алынған табыс көлеміне қарамастан, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін жауапкершілік толық көлемде қарастырылады", — деді Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батуржан Абдумасаров.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Сәрсенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстан волейбол құрамасы AVC Ұлттар кубогына қатысады

"Семей орманы" аумағында бір тәулікте 14 орман өрті шықты: оқиға орнынан видео жарияланды