Атбасар колониясындағы азаптау бойынша іс қайта қаралатын болды

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облыстық сот алқасының қаулысымен Атбасар ауданындағы ҚАЖК-нің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінің күші жойылып, іс сол сотқа, басқа құрамда жаңадан қарауға жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚАЖК қызметкерлері қылмыстық қудалау органдарымен Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға заңсыз ықпал ету әдістерін қолданды деп айыпталған (ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы, азаптау).

ҚАЖК қызметкерлері алқабилердің шешімімен кінәсіз деп танылып, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы үкімімен қылмыс оқиғасының болмауына байланысты ақталған.

Облыстық сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қайта қарау барысында процессуалдық бұзушылықтарды анықтап, келесі негіздермен үкімнің күшін жойды:

"Сонымен қатар сот алқасы қорғаушының заңсыз әрекеттеріне байланысты ҚІЖМАС-тың жеке қаулысын өзгеріссіз қалдырды және іс бойынша мемлекеттік айыптаушылардың заң нормаларын бұзғаны жөнінде Бас прокурордың атына жеке қаулы шығарды".Ақмола облысы соттары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі