Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегі анықталды

Сурет: polisia.kz
Республикалық "Заңсыз келуші" іс-шараның алғашқы екі күнінде полиция қызметкерлері 636 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталған деректердің басым бөлігі шетел азаматтарының елде болу тәртібін сақтамауына байланысты.

Іс-шараның екі күні ішінде 636 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 513 шетел азаматы Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған, 107 қабылдаушы тұлға олардың заңды болуын қамтамасыз етпеген, ал 16 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған.

"Сот шешімімен 76 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру дерегі анықталып, іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды", — деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полиция өкілі бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын және ерекше бақылауда екенін айтты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Ақтауда кәсіпкер ісін дөңгелету үшін мемлекеттен алған 117 млн теңге субсидияны депозитте сақтаған