Бозымбаев: Бөгеттерді тексеру, күрделі жөндеу, реконструкция – қымбатқа түседі

Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2026 жылғы 20 наурызда Үкімет мінберінде су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 49 млрд теңге туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл сома үлкен емес.

"Себебі жоспарланған іс-шаралар өте көп. Біріншіден, гидротехникалық құрылыстарды – әр деңгейдегі бөгеттерді, су қоймаларындағы су өткізу құрылғыларын – кешенді тексеру керек. Ең жас су қоймаларына 30 жыл болса, ескі су қоймаларына 50–70 жыл. Сондықтан кешенді тексеру, күрделі жөндеу және реконструкция – өте қымбатқа түседі. Сонымен қатар, 2024 жыл бізге су тасқынына дайын болмағанымызды анық көрсетті", – деді Бозымбаев.

Вице-премьердің айтуынша, әр өңірде су тасқынына қарсы шаралар әртүрлі жүргізіледі.

"Қай жерде су тасқыны болады, қай жерде арықтар мен өзен арналарын тазарту керек, қай жерге ірі бөгеттер саалынады – мұның бәрі су мөлшеріне, табиғи-климаттық жағдайларға, топыраққа байланысты. Сондықтан бұл аз ақша. Өңірлер міндетті түрде жұмыстар жүргізуі керек, өйткені табиғат әкелетін залал әлдеқайда үлкен. Адамдарға келетін қолайсыздық пен экономикалық шығын әлдеқайда жоғары", – деп қосты Қанат Бозымбаев.

Бұған дейін тасқын суға қарсы бөлінген 49 млрд теңгенің жұмсалуы қалай бақыланатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Бозымбаев Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай