Прагада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті

Еске алу, Прага, Ұлы Отан соғысы, қазақстандық жауынгерлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 16:40 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы елшілігінің қызметкерлері Прагадағы Ольшан зиратында Қызыл армия жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ дипломаттар Праганы азат етуге қатысқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. Олардың қатарында Кеңес Одағының Батыры, старшина Мәжіт Жүнісов, кіші сержант Талғат Зайнуллин, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Мұстафа Сапарбаев, Жолдас Әжімов, Байжан Нұржанов, Сайнулла Қайырғалиев және Зийнил Козин бар.

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Чехия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерленген орындарын анықтау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда Чех Республикасының түрлі өңірлерінде жерленген 130 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды.

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруді тамашалағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: