Мемлекет басшысы: Ел қолдауына ие болған нағыз Халық Конституциясы тұғырына қонды

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 21 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа туралы пікір білдіріп, оның тарихи маңызы мен ел дамуына әсеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда түбегейлі өзгерістер кезеңі басталды.

"Бәріміз бір ел болып Конституциялық реформаны табысты жүзеге асырдық. Бұл реформаның тарихи мән-мағынасы ерекше. Оның ел дамуына тигізетін ықпалы аса күшті боларына күмән жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы шет елдердің басшылары, саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстандағы Конституциялық реформаға зор ықыласпен қарап отырғанын атап өтті. "Олар еліміз Конституцияның мән-мазмұнын жаңаша тұрпатқа өзгертіп, мүлде жаңа ел болғанын айтып жатыр", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы халықтық референдумда азаматтардың тарихи таңдау жасағанын, ел қолдауына ие болған нағыз Халық Конституциясы тұғырына қонғанын атап өтті.

"Конституция – мемлекетіміздің болашағына бағдар болатын, ұлттық мақсат-мұратымызды айқындайтын аса маңызды құжат, темірқазық. Мұны бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындап отыр", – деді мемлекет басшысы.
Қазақстан
Түркістан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады