Атырауда Наурыз мейрамы кең көлемде тойланды

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Атырау қаласындағы Исатай мен Махамбет атындағы алаңға 25 мыңнан астам тұрғын жиналып, Наурыз мейрамын тойлады. Қонақтарға арналып 30-ға жуық ақшаңқан үй тігіліп, олардың әрқайсысы қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеді.

Мерекеге келгендер ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер шеберлері мен отандық кәсіпкерлер ұсынған өнімдермен танысты.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Алаңда қазақтың ұлттық әуендері шырқалып, мерекенің көрігі дәстүрлі ойындармен қыза түсті.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Мейрам "Қош келдің, әз Наурыз" атты театрландырылған қойылыммен басталып, көрермендерді айрықша бейнелермен және жарқын көріністерімен таңғалдырған әсерлі мюзикл-шоумен жалғасты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Тұрғындарға тілегін білдірген аймақ басшысы Серік Шәпкенов өз сөзінде ұлттық мерекенің мән-маңызын атап өтті.

"Наурыз –жаңару мен жасампаздықтың ғана емес, бірлік пен татулықтың мерекесі. Қазақ халқы оны ежелден молшылық пен келісімнің бастауы ретінде қадір тұтқан. Бұл күні айтылған ақжарма тілектер қабыл болып, дархан даламызға құт қонып, ырыс ұя саларына шәк келтірмеген. Бұл наным-сенім ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын", – деді ол.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Мерекеге ұлттық ойындар да айрықша ажар берді. Мықтылар мен ептілер қазақша күрес, қой көтеру, бұқатартыс, алыптар айқасы, асық ату сынды жарыстарда бақ сынап, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Алаңдағы той қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Көпшілік "Алатау серілері" ансамблінің әніне билеген 500 жастың өнерін ерекше ықыласпен қабылдады. Мерекенің бас қонағы Әділет Жауғашар шырқаған әндер де көрерменнің зор қошеметіне ие болды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды