Қазақстанның қай өңірлерінде алдағы күндері су тасқыны қаупі бар

Сурет: akorda.kz
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері Қазақстанның үш облысында су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" дауылды ескертуіне сәйкес:

Ауа температурасының күндіз +5…+10°C-қа дейін, ал оңтүстік аудандарда +13°C-қа дейін көтерілуіне (түнде 0…+5°C), сондай-ақ 24 наурызға болжанған жауын-шашынға (негізінен жаңбыр) байланысты 23-25 наурыз аралығында Абай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында қардың қарқынды еруі жалғасады. Мұз құбылыстары әлсіреп, еріген қар суы мен беткейлік ағындар қалыптасады, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Соның салдарынан су тасуы мен су басу қаупі бар.

Ауа температурасының күндіз +5…+10°C-қа дейін көтерілуіне, сондай-ақ 24 наурызға болжанған жауын-шашынға (жаңбыр, қар) байланысты 23-25 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында да қардың қарқынды ериді. Мұз құбылыстары әлсіреп, еріген қар суы мен беткейлік ағындар қалыптасады, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Салдарынан су тасуы мен су басу қаупі сақталады.

Температураның күрт +13…+22°C-қа дейін көтерілуіне, түнгі температураның нөлден жоғары өтуіне және 24-30 наурыз аралығында жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында (Орал қаласында, сондай-ақ Тасқала, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарында +13…+20°C, Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала, Казталов, Ақжайық, Сырым және Қаратөбе аудандарында +15…+22°C дейін) қардың қарқынды еруі және еріген судың ағыны қалыптасады деп күтіледі. Сондай-ақ өзен арналарының еріген сумен толуына байланысты мұз құбылыстары әлсіреп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді