Бұл сұрақты журналистер қойған. Олар бұл мәселенің өткен жылдан бері қаралып келе жатқанын еске салды.
"Жоқ, биыл біз бұл мәселені көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Ол тек бірнеше министрлікпен бірлескен ұстанымдар анықталғаннан кейін ғана қаралады. Ал бұл 2027 жылы болады. Биыл бұл мәселе күн тәртібінен алынған", – деді Асқарбек Ертаев.
Алайда министрдің айтуынша, бұл мәселе қоғам тарапынан сұраныс бар болғандықтан уақытылы қаралып отырады.
"Бұл мәселе әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен де талқыланады, әртүрлі пікірлер айтылады. Менің ойымша, тікелей үлкен кедергі жоқ. Бірақ кез келген қосымша демалыс күндері жұмыс берушілерге қосымша жүк болады – мереке болса сыйлықақылар төленуі керек, бәрі есептеу деңгейінде талқылануы тиіс. Егер нақты есептер жасалып, барлығы келіссе, онда бұл шара қолдау табады", – деп түйіндеді министр.
Бұған дейін "Қазақтелекомнан" келген қоңыраудан кейін қазақстандық 5 миллион теңгесінен айырылғанын жазғанбыз.