Қазақстандықтар Ресейде жаппай төбелеске қатысқан: СІМ мән-жайды түсіндірді

Фото: pexels
Threads әлеуметтік желісінде жаппай төбелес кезінде түсірілген бірнеше видео тарады. Автордың айтуынша, Ресейдің бір елді мекенінде болған қақтығысқа қазақстандықтар да қатысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода көліктің адамдар тобына қарай жүріп өткенін көруге болады, ал басқа кадрларда ер адамдар бірнеше адамды күштеп жол талғамайтын көлікке отырғызып жатқаны бейнеленген.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Zakon.kz тілшісінің сұрауына жауап бере отырып, бұл оқиға 2026 жылғы 26 наурызда Ресейдегі Усть-Луга кентінде, "Велестрой" компаниясының нысанында болғанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы қазақстандықтардың қатысып-қатыспағандығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстап, мән-жайды анықтауда. Сонымен қатар, Ресейдің тиісті органдарына және компания басшылығына ресми сұраулар жіберілген.

"Дипломаттар Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша ІІМ бас басқармасымен байланыста. Қазақстан азаматтарының нақты саны мен құқықтық мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында", – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда 500 келіден астам есірткі тәркіленгенін жазғанбыз.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі