Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады

Фото: akorda.kz
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте Қазақстанда онкологиялық аурулар қаншалықты жиі анықталатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Эрик Байжүнісовтің айтуынша, 2025 жылы Қазақстанда қатерлі ісіктен 13 886 адам қайтыс болған.

"Бұл үрдіс сақталып отыр. Жыл сайын елімізде түрлі қатерлі ісік түрлерінен 13–15 мың адам көз жұмады", – деді ол.

Оның сөзінше, медицина неғұрлым дамыған сайын, ауруды анықтау жиілігі де арта түседі.

"Қазақстанда жыл сайын шамамен 41 мың адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады. Бұл дегеніміз – күніне орта есеппен 113 жаңа науқас анықталады деген сөз. Қазіргі таңда онкологиялық аурулар бойынша есепте 234 мың адам тіркелген. Бұл көрсеткіштер кең ауқымды скринингтер мен ерте диагностиканың нәтижесі. Қатерлі ісік неғұрлым ерте кезеңде анықталса, науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен тірі қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Соңғы жылдары бұл көрсеткіштер жақсарып келеді, және бұл – сөзсіз маңызды жетістік", – деп қорытындылады спикер.

Бұған дейін Алматыда 500 келіден астам есірткі тәркіленгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды