Зерттеу және көгалдандыру: Атырауда шаңды дауылдармен күресу шаралары әзірленуде

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысындағы шаңды дауыл мен топырақ аралас жаңбырдың себебін анықтау мақсатында кешенді жұмыс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жетекшілік ететін арнайы жұмыс тобы Каспий теңізінің тартылып қалған аумақтарын әуеден шолып шықты. Жұмыс тобы құрамына Атырау облысы әкімдігі, Экология департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және қоршаған ортаны қорғау мамандары кірді.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Экология департаментінің басшысы Ерлан Есенов қалыптасқан ахуалдың негізгі себебі теңіз деңгейінің төмендеуі мен табиғи факторлар екенін атап өтті.

"Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты бұрын су астында болған аумақтар қазір ашық жатыр. Бұл жерлерге жиналған тұз бен ұсақ құм желдің әсерінен ауаға көтеріліп, қалаға тарауда. Осы жағдай экологиялық ахуалдың күрт өзгеруіне әсер етті",- деді ол.

Қазір теңіз жағалауы мен қала аумағынан топырақ сынамалары алынып, кешенді зертханалық жұмыстар басталды. Зерттеу нәтижелері табиғи құбылыстың нақты себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары да көзделуде. Жасұлан Бисембиевтің мәліметінше, егер зерттеу қорытындысы осы себепті растаса, құрғаған аумаққа табиғи ортаға бейімделген өсімдіктер отырғызылмақ. Бұдан бөлек, ауаға көтерілетін шаң мен тұз көлемін азайту үшін ылғалдандыру технологияларын қолдану мүмкіндігі қарастырылмақ.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Бүгінде қала аумағында ұсақ құм қабаты ашық жатқан төрт негізгі учаске анықталды. Мұнда өсімдік қабаты жоқ, сондықтан бұл аумақтарды көгалдандыру бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыс әкімі Серік Шәпкенов шаңды дауылдардың пайда болуына әсер ететін аумақтарға жан-жақты талдау жүргізуді тапсырған еді. Сонымен қатар ғылыми қауымдастық пен сала мамандарын тарта отырып, Каспий теңізінің жағалауы мен құрғаған бөліктерінде фитомелиорациялық шараларды әзірлеп, іске асыру міндеті қойылған.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі