Атырау облысында дронға ұқсас бөлшектер табылды

Фото: Zakon.kz
Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының (дронның) сынықтарына ұқсас заттар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің Zakon.kz-ке хабарлауынша, бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары басталған.

Оқиғаға уәкілетті қызметтер де тартылған.

"Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген ведомствоның 2026 жылғы 29 наурыздағы хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның батысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады

ШҚО-да ауруханада өзін агрессивті ұстап, тәртіп сақшыларын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

"Үсік жүреді". Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

LRT неге уақытша тоқтағанын тасымалдаушы түсіндірді