Қазақстан гидрогеологиялық қызметті дамыту үшін Ислам даму банкінен қарыз алады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ұлттық гидрогеологиялық қызметті дамыту мәселесіне қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі базасында жер асты сулары бағытындағы функцияларды біріктірген "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылған.

"Жер асты суларының мемлекеттік мониторингі 4000-нан астам бақылау ұңғымасынан тұратын желі негізінде жүзеге асырылады. Бұл олардың деңгейін, температурасын және сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Көпжылдық бақылаулар негізінде "Қазгидрогеология" тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, елдің барлық өңірі бойынша өзекті деректер қамтылған жыл сайынғы ақпараттық бюллетень шығарады", – делінген жауапта.

Сондай-ақ, Ислам даму банкінен тартылатын қарыз аясында "Қазгидрогеологияны" заманауи бұрғылау, геофизикалық зерттеу (каротаж) және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету көзделгені айтылды. Бұл саладағы өндірістік және мониторингтік мүмкіндіктерді едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды