Алматыда есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті.

Анықталғандай, әйел адамның жанынан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат – марихуана болып шықты.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі таңдалды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы жынысына, жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтеді.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаровтың айтуынша, есірткі айналымына кез келген, тіпті бастапқыда елеусіз көрінетін қатысуының өзі ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. Бұл салада заң талаптары аса қатаң.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды