Алматы дәрігерлері ауруларды ерте анықтау үшін скринингтен өтуге шақырады

Фото: Zakon.kz
Алматыда тұрғындарға скринингтік тексерулердің маңыздылығы ескертілді.

Алматыдағы №36 емхананың директоры Гүлжайнат Тілегеннің айтуынша, тұрақты диагностика ауруды ерте кезеңде анықтап, емді дер кезінде бастауға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Дәрігердің айтуынша, скрининг көбіне бастапқы кезеңде белгісіз өтетін кең таралған созылмалы және онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған.

Скринингтен өтуге арналған жас топтары:

Гүлжайнат Тілеген скринингтің негізгі мақсаты — ауруды алғашқы белгілер пайда болмай тұрып, ем тиімді кезеңде анықтау. Бұл ауыр асқынулардың алдын алып, науқастың өмір сапасын сақтауға көмектеседі.

Тіркелген емханаларда жүргізілетін скринингтік тексерулер денсаулық сақтаудың қолжетімді тәсілі саналады. Дәрігерлер тұрғындарды профилактиканы кейінге қалдырмай, қажетті тексерулерден уақытылы өтуге шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті