Мұхтар Әуезов тұрған үйге қатысты дау: семейліктер көмек сұрайды

Фото: Zakon.kz
Семей қаласында жазушы Мұхтар Әуезов тұрған үйге байланысты дау шықты. Бірнеше жыл бойы бұл ғимарат мемлекет қорғауында болған. Алайда қазір екі ғасырға жуық тарихы бар үй тұруға жарамсызға айналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үй иелері КТК арнасына берген сұхбатында ғимаратта өмір сүру қиын екенін айтады. Ескі ағаш үйдің қабырғалары ылғал тартып, үгітіліп жатыр. Нұрбатима Қапышева бұл екі қабатты, XIX ғасырдың басында салынған үйде 40 жылдан астам уақыт тұрған. 2008 жылы ғимарат тарихи ескерткіш деп танылып, арнайы тақтайша ілінген. Ал өткен жылы мұнда өрт шыққан, оның себебі әлі белгісіз. Соның салдарынан әйелдің пәтері тұруға жарамсыз болып қалған. Қазір зейнеткер туыстарын жағалап жүр. Басқа тұрғындардың үйлері де зақымданған.

"Үйді ешкім сатып алғысы келмейді. "Мұнда Мұхтар Әуезов тұрған, бұл музейлік, архивтік үй" дейді. Сондықтан бұзуға болмайды. "Онда жөндеуге көмектесіңіздер" десем, "жоқ, жөндей алмаймыз, қаласаңыз сотқа жүгініңіз" дейді. Мен бұл жаста сот жағалап жүре алмаймын". Нұрбатима Қапышева:

Тұрғындардың айтуынша, мұндай үйді өз күштерімен қалпына келтіру өте қымбат. Мұнда қарттармен қатар көпбалалы отбасылар да тұрады. Өрттен кейін ғимараттың жағдайы одан сайын нашарлап, қабырғаларында көгеру пайда болған.

Шенеуніктер тұрғындарға сараптама қорытындысын жеткізді. Мамандардың айтуынша, өрт болған ғимаратты қалпына келтіру мүмкін емес. Сонымен қатар, көптеген жөндеу мен қосымша құрылыстар салынғандықтан, үй өзінің бастапқы келбетін жоғалтқан. Сол себепті оны тарихи ескерткіштер қатарынан алып тастау туралы шешім қабылданған.

"Шілде айында бұл жерде үлкен өрт болды, жоғарғы қабат толық жанып кетті. Барлық сараптамалар жүргізілді. Соның нәтижесінде облыстық комиссия бұл нысанды ескерткіштер тізімінен алып тастау туралы шешім қабылдады. Мұхтар Әуезов студент кезінде осы пәтерде тұрған. Дәл сол пәтер өрттен жанып кеткен". Абай облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының директоры Бекзат Ахметбаев:

Бір айдан кейін ғимараттан қорғау тақтайшасын алып тастау жоспарланып отыр. Билік өкілдері осыдан кейін тұрғындар үйді сатып, жайлырақ баспана алуға мүмкіндік алады деп үміттенеді. Ескі үй сатылған жағдайда, оны бұзып тастауы да мүмкін.

Бұған дейін Ақтауда жүкті әйелдерге қатысты алаяқтық жасаған бухгалтер сотталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Әуезов Мұхтар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі