Алматыда самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында "STOP бұзушылық" өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында микромобильдік құралдарды пайдалану қағидаларының сақталуына бақылау күшейтілді.

Күннің жылынуына байланысты электр самокаттарын пайдалану белсенділігі артты. Осыған орай патрульдеуге мобильді самокаттық экипаж шығарылды. Олардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірді.

Негізгі назар жалпы білім беретін оқу орындарының маңына және оған іргелес көше-жол желілеріне аударылды. Бір күннің қорытындысы бойынша электр самокаттарын пайдалану қағидаларын бұзудың 70 дерегі анықталды, оның ішінде 10 жағдайда кәмелетке толмағандардың басқару фактілері тіркелді.

Кикшеринг компанияларымен бірлесіп, құқық бұзушылықтарға жол берген пайдаланушылардың 7 аккаунты бұғатталды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың 3 заңды өкілі балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтуге шақырды.

"Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың электр самокаттарын қалай және қай жерде пайдаланатынына ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Кәмелетке толмағандарға мұндай көлік құралдарын басқаруға жол берілмеуі тиіс. Бұл – ең алдымен олардың қауіпсіздігі мәселесі. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз, – ықтимал тәуекелдердің алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу", – деді ол.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Көлсайда жылан шаққан 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді

Астанада жеңіл автокөлік отқа оранды - видео

Алматыда тұрғындар күдікті ер адамды ұстап, полицияға тапсырды