Алматыда жаңа бірыңғай нөмір енгізілді

Фото: pexels
Алматыда қала әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау орталығының байланыс орталығы үшін жаңа бірыңғай нөмір – 109 енгізілді. Ол бұрын қолданылған 1308 нөмірін алмастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңа форматта өтініштер тәулік бойы, демалыс және мереке күндерінсіз қабылданады.

"Бірыңғай нөмірге көшу өтініштерді өңдеу жеделдігін арттыруға, жауап күту уақытын қысқартуға және қалалық қызметтерге қолжетімділікті жеңілдетуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті әкімдікте.

109 байланыс орталығы қалалық инфрақұрылым, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өзге де бағыттар бойынша өтініштер қабылдайтын бірыңғай орталық ретінде жұмыс істейді.

Сонымен қатар тұрғындар үшін балама байланыс арналары да қолжетімді:

"Осылайша, тұрғындар өздеріне ыңғайлы тәсілді таңдай алады – қашықтан немесе жеке барып жүгіну", – деп қосты әкімдікте.

Айта кетейік, 2026 жылдың наурыз айында шұғыл қызметтердің нөмірлер тізімі 1484 жаңа нөмірімен толыққан болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады