Оның айтуынша, елордада электросамокаттарды пайдалану айтарлықтай өскен. Қазіргі таңда олардың саны 10 мыңнан асады, оның ішінде белсенді пайдаланылып жүргені шамамен 8 мың.
"Сонымен қатар, құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының саны да артып келеді. Жыл басынан бері барлығы 294 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 4 адам қаза тауып, 373 адам жарақат алды. Электросамокат қатысқан 45 жол-көлік оқиғасында 50 адам зардап шекті, бірақ өлім жағдайлары тіркелген жоқ", – деді Төлешов.
Оның айтуынша, құқықтық тәжірибені талдау көрсеткендей, электросамокат пайдаланушылары тарапынан құқық бұзушылықтар жүйелі түрде қайталанып отыр.
Ең көп кездесетін бұзушылықтар:
- Бір самокатта екі адамның қатар жүруі;
- Жаяу жүргіншілер жолынан өтерде самокаттан түспеу;
- Электросамокаттарды кәмелетке толмағандардың пайдалануы.
Бұған дейін Алматыда самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілгенін жазғанбыз.