Премьер елдегі маңызды реформалардың, инфрақұрылымды жақсарту және инвестициялық ахуалды оңтайландыруға бағытталған қадамдардың жүзеге асырылып жатқанын еске салды.
"Маңызды қадамның бірі – Біріктірілген жер қойнауын пайдалану порталының іске қосылуы болды. Ол қызметтерге ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып "бірінші келген – бірінші алды" қағидасы енгізіліп, жер қойнауын пайдалану құқығын беру процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Соңғы үш жылда геологиялық барлау саласына шамамен 280 млрд теңге жеке инвестиция тартылды", – деді премьер-министр.
Сонымен қатар, ол халықаралық стандарттар бойынша қорларға есеп беру жүйесі енгізілгенін атап өтті.
"Геологиялық зерттеулерге тұрақты тәсіл қалыптастыру үшін 1:50 000 масштабты геофизикалық карталарды жасауға көшіп отырмыз. Сала үшін маңызды – жер қойнауын зерттеуге бөлінетін қаржы, ол 10 есе көбейтіліп, келесі үш жылда шамамен 500 млн АҚШ доллары көлемінде болады"", – деді Бектенов.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы геологиялық барлауға шамамен 240 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын.