Өскеменде полицейлер алаяқтықтың бетін ашты

Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне 22 жастағы қала тұрғыны бұрынғы әріптесі мен олардың ортақ таныстарының оны алдап кеткенін айтып жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер оның сеніміне кіріп, атына ірі көлемде тауар несиесін рәсімдеуге көндірген.

Тергеу барысында анықталғандай, өткен жылдың қараша айында күдіктілердің бірі қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтып, жәбірленушіден көмек сұраған. Ол танысының атына рәсімделген несиені үш ай ішінде болашақ табысы есебінен толық жауып беретініне уәде еткен.

Уәдеге сенген азамат мобильді қосымша арқылы өз атына тауар несиесін рәсімдеп, екі смартфон мен оларға арналған аксессуарлар сатып алған.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асты. Несие берілгеннен кейін олар тауарды қолма-қол ақшаға айналдырған.

Ақшаны алған соң күдікті байланысқа шықпай, несие төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев