Қазақстандық Ыстамбұлда атыс кезінде қаза тапты: оқиғаның мән-жайын ҚР СІМ түсіндіріп берді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Ыстамбұлда Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов қайғылы жағдайда қаза болды. Ол жеке логистика компаниясында курьер болып жұмыс істеген. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, оқиға Балабанаға ауданының (Фатих округі) Зейнеп Камиль көшесінде болған. Барлық деректерге қарағанда, белгісіз біреу қазақстандыққа оқ атты да, сол жерден қашып кеткен. Ауыр жарақат алған Исмаилов жедел түрде ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Ыстамбұл полициясы мен Эдирне провинциясының жандармерия қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Күдіктілердің мегаполистен көлікпен шыққаны туралы ақпарат алғаннан кейін олардың ізін тапқан. Көлікте күдіктілер болмағанына қарамастан, жандармерия дрондар арқылы ауқымды іздеу ұйымдастырды.

Нәтижесінде шекара маңында заңсыз шекарадан өтпек болған екі Грузия азаматы ұсталды. Қазіргі таңда ұсталғандар Ыстамбұл полициясына тапсырылды, ал көлікті жүргізген адамға мигранттарды контрабанда жасау бабымен соттық іс қозғалды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың қаза тапқанын растады. Министрлік мәліметінше, оқиға 31 наурызда болған және қазіргі уақытта түрік құқық қорғау органдары барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

"Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулдығы қаза болған адамның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Мәселе бақылауда", – деді ҚР СІМ өкілдері.

Бұған дейін Қызылордада көршісі мен оның анасын пышақтап өлтірген азамат сотталғанын жазғанбыз.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін