Мәселелер шешілмей жатыр: депутат агломерацияға бөлінген қаражаттың игерілуі бойынша есеп беруді талап етті

Фото: pexels
Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев 2026 жылғы 8 сәуірде депутаттық сауалында агломерациялық даму саласында шешілмеген мәселелер бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 2023 жылғы 1 қаңтарда "Агломерацияларды дамыту туралы" заң қабылданғанын еске салды. Бұл заң ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтардың дамуы арасындағы жүйелі теңсіздікті жоюға, инфрақұрылымды кешенді дамытуға, сондай-ақ агломерацияларды экономикалық өсімнің, инвестициялар мен жұмыспен қамтудың қозғаушы күшіне айналдыруға бағытталған.

"Оны іске асыру аясында бірінші және екінші деңгейдегі агломерациялар айқындалды, мемлекеттік органдар, мәслихаттар, бизнес және ғылым өкілдері қатысатын агломерациялық кеңестер құрылды. Алайда 2025 жылдың басында "Ақ жол" фракциясының депутаттары Астана маңындағы елді мекендерге (Қоянды, Талапкер, Нұресіл) жұмыс сапары барысында 2023 жылдан бастап шешіле бастауы тиіс болған мәселелердің тек сақталып қана қоймай, тұрақты әрі созылмалы сипат алғанына көз жеткізді", – деді Ерубаев.

Оның айтуынша, Үкіметтен алынған ақпаратқа сәйкес, елде 5 агломерациялық кеңес құрылған, қала маңындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша жүздеген іс-шараны іске асыру үшін триллиондармен есептелетін қаражат бөлу көзделген. Соның ішінде Алматы бойынша шамамен 3,3 трлн теңге, ал Астана бойынша 1,1 трлн теңгеден астам қаржы қарастырылған.

"Алайда жарияланған қаржыландыру көлеміне және ұсынылған есептерге қарамастан, жергілікті жерлердегі нақты жағдай іс жүзінде өзгерген жоқ. Ірі қалалардың айналасында әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы жеткіліксіз, халық тығыз қоныстанған "ұйықтайтын аудандар" қалыптасқан. Нәтижесінде тұрғындар негізгі қызметтерді алу үшін қалаға баруға мәжбүр, бұл өз кезегінде қалалық инфрақұрылымға қосымша жүктеме түсіреді. Әсіресе денсаулық сақтау және жедел әрекет ету саласындағы жағдай алаңдатады. Қала маңындағы бірқатар елді мекендерде медицина мамандары мен жедел қызмет бөлімшелері жоқ. Жедел жәрдем және басқа да қызметтер алыста орналасқан аудан орталықтарынан шақырылады, кейде ондаған, тіпті жүздеген шақырым қашықтықтан келеді. Бұл жедел әрекет етуді іс жүзінде мүмкін емес етіп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді", – деді депутат.

Сонымен қатар, бюджетаралық теңгерімсіздік байқалады: тұрғындар қалада жұмыс істеп, салықты сол жерде төлейді, осылайша қалалардың салық базасын қалыптастырады. Ал жолдар, мектептер, медициналық мекемелер мен коммуналдық инфрақұрылымға жұмсалатын шығындар олардың нақты тұратын жеріндегі жергілікті бюджетке түседі.

Ерубаев Үкіметтен мынадай сұрақтар бойынша ақпарат беруді талап етті:

Бұған дейін мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов 2026 жылғы 8 сәуірде депутаттық сауалында коммуналдық инфрақұрылымға толық түгендеу жүргізілмегенін мәлімдеген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі