Батуттағы гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан екі жүлде жеңіп алды

Батуттағы гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан екі жүлде жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 18:14 Сурет: olympic.kz
Батуттағы гимнастикадан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасындағы жекелей секіру сайысында Виктория Бутолина қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ ерлер арасындағы синхронды секіру бағдарламасында отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бозбалалар мен юниорлар санатында да он медаль еншіледі. Отандастарымыздың қоржынында екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде бар.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: