Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 18:28 Сурет: olympic.kz
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілдері Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз топтық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.

Бұл бағдарламада ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Қазақстандық гимнастар жарыс қорытындысы бойынша 52,85 ұпай жинады. Алтын медальді Өзбекстан құрамасы жеңіп алды - 53,95 ұпай. Қытай құрамасы 53,8 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс жүлде иеленсе, ұлттық құрама командалық көпсайыста да екінші орын алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: