Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде қола медальға ие болды

Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде қола медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 20:52 Сурет: olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аянат Жұмағали елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Аянат қоссайыстың қорытындысы бойынша 217 (95+122) келіні көтеріп, жастар арасындағы бәсекеде қола жүлдеге ие болды.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Хисо Джун жеңіп алды. Оның нәтижесі - 230 (102+128) келі. Ал, екінші орынды өзбекстандық Гульшодахон Дадамирзаева иеленді - 218 (96+122) келі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: