Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 77 келіге дейінгі салмақта екі рет үшінші орынға көтерілді.
Аянат Жұмағали серпе көтеруде 128 келіні еңсеріп, үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы қоссайыстың қорытындысы бойынша 221 келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.
Ал жұлқа көтеру сайысында Аянат бесінші орынға тұрақтады - 93 келі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншілегенін жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript