Едіге Емберді ауыр атлетикадан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі бірдей медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен спортшы жұлқа көтеруде үшінші орын алды.
Кейін серпе көтеруде 191 келіні бағындырып, екінші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ Емберді қоссайыстың қорытындысы бойынша (343 келі) қола медальға қол жеткізді.
Бұған дейін суға жүзуден Айбат Мырзамұратов үшінші мәрте қола медаль иеленгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript