Суға жүзуден Айбат Мырзамұратов үшінші мәрте қола медаль иеленді

Айбат Мырзамұратов, суға жүзу, қола медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 21:13 Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Суға жүзуден Айбат Мырзамұратов VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші қола медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, бүгін, 10 қарашада отандасымыз 200 метр брасс бойынша жарыста 2:17.90 уақыт көрсетіп, өзінің үшінші қола жүлдесін иеленді.

Бұған дейін Айбат 100 метр брасс финалында да сәтті өнер көрсетіп, 1:02.11 нәтижесімен үшінші орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, Мырзамұратов 200 метр кешенді жүзу бойынша да қола медаль жеңіп алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: