Зейнеткер банк депозитінен 6,5 млн теңгені шешіп алған: полицейлер оны іздеуге мәжбүр болды

Фото: Zakon.kz
Қостанайда 66 жастағы әйел алаяқтардың құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 9 сәуірде әйелге бұрынғы әріптестері атынан хабарлама келіп, онда оның алаяқтық бойынша күдікті екені айтылған.

Осыдан кейін белгісіз адамдар қоңырау шалып, қорқытып, ақшаны аударуға көндіре бастаған.

"Жәбірленушінің айтуынша, алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, психологиялық қысым көрсеткен. Соның салдарынан ол депозиттен 6,5 млн теңгені шешіп алып, аудармақ болған. Банк қызметкері күмәнданып, полиция шақырды", – деп хабарлады ведомство.

Алайда әйел көмектен бас тартып, құқық қорғау органдары қызметкерлерін күтпестен банк бөлімшесінен асығыс шығып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында зейнеткер қала орталығынан табылды. Ол алаяқтардың шотына 500 мың теңге аударып үлгерген, бірақ полицейлер қалған 6 млн теңгені сақтап қалды.

Аталған дерек бойынша "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі