Алматыдағы нөсер салдарсыз өтті, қызметтер тәулік бойы бақылауды жалғастыруда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жауған нөсер жауыннан кейін коммуналдық қызмет жағдайды бақылауға алып, қолайсыз ауа райының ықтимал зардаптарын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар уақытылы қабылданды.

Қала аумағында су басу деректері тіркелген жоқ. Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Су жиналуын болдырмау және жедел жою мақсатында "Алматы Тазалық" КМК мен мердігер ұйымдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Жұмыстарға:

Қосымша Алматы қаласының Құтқару қызметі де кезекшілік атқаруда. Құрамында 50 қызметкер, 14 мотопомпа және 1 ассенизаторлық техника дайындықта тұр.

Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 61 бірлік техника мен 244 жеке құрам жұмылдырылған.

Жалпы тәуліктік кезекшілікке шыққан жол саласы жұмысшыларының саны 2710 адам болды.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 10 сәуірде қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3–8 м/с. Күндіз ауа температурасы +18…+20°С болады.

11 сәуірде түнде аздаған жаңбыр (1 мм-ге дейін) жауады, кей жерлерде найзағай болуы мүмкін, күн ашық. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, түнде екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +20…+22°С.

Коммуналдық қызметтер көше-жол желісінің жағдайын бақылауды жалғастырып, қажет болған жағдайда қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауда.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді