Қостанайда ер адаи құрылыс дүкені курьерлерін соққыға жығып, көліктеріне зақым келтірген

Фото: pexels
Қостанайда құрылыс дүкені қызметкерлеріне өрескел шабуыл жасалды. Оқиға жұмысшылардың қызметтік міндетін атқару барысында, яғни тауар жеткізу кезінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға телефон камерасына түсіп қалған, кейін бейнежазба желіде тараған. Куәгерлер түсірген кадрларда агрессивті ер адамның "Газель" көлігінің шанағы мен әйнектерін сындырып, кейін жүргізушіге шабуыл жасап, бірнеше соққы жасағаны көруге болады.

Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып, олар бұзақыларға қатаң жаза қолдануды талап еткен.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, полицияға жеткізілген.


"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ басқа да ықтимал қатысушылар мен куәгерлерді табуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 10 сәуірде.
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі