"Алтын-Емел" ұлттық паркі маңындағы қоқыс мәселесі: аумақ толық тазартылды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында орналасқан Алтын-Емел ұлттық паркі маңындағы қоқыс орны толықтай тазартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, "Сарыөзек–Көктал" автожолының Алтынемел асуының 65-шақырымында орналасқан аумақ қоқыстан толықтай тазартылды.

Тазалау жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен ұйымдастырылып, қысқа мерзімде реттелді.

"Аталған аумақта орналасқан бірнеше дәмхана иелеріне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 1-ші бөлігіне сәйкес, әрқайсысына 21625 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Осы жаңдайды пайдалана отырып, екі арада жүретін жолаушылардан табиғатымызды аялауға, тазадықты сақтауды сұраймыз."Мәди Шәкенов, Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі

Нәтижесінде аталған аумақ толық ретке келтірілді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде танымал туристік бағытқа жақын аумақта қоқыстың үйіліп жатқанын көрсеткен видео таралып, қоғамның наразылығын тудырған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі