ШҚО-да жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

Фото: Zakon.kz
"Дәрмек" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Өскемен қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысуы мүмкін деген жергілікті тұрғын туралы ақпарат түскен.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық орталықпен бірлесіп, 41 жастағы күдіктіні ұстады.

Тінту кезінде оған тиесілі шаруашылық құрылыстардың аумағынан фитолаборатория ретінде жабдықталған бөлме анықталды. Оның ішінен өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік бұталары, төрт жарықдиодты шам және желдеткіш табылып, тәркіленді.

Тәркіленген өсімдіктің қарасора екені және салмағы 5 келіге жуық есірткі заты екенін анықталды. Сонымен қатар зертханада салмағы 200 грамнан асатын дайын психотроптық зат — кептірілген марихуана болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция есірткі заттарын заңсыз өсіру және сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Есірткінің заңсыз айналымы саласында кез келген құқыққа қайшы әрекеттің жолы кесілетін болады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев