Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қаражатты жоспарлау және пайдалану барысында заң бұзушылықтар анықтады.
Атап айтқанда, шағын ауданда инженерлік инфрақұрылым салу жобасы бойынша бюджет қаражаты тиісті негіздемесіз жоспарланған. Жоба жүзеге асырылуы тиіс аумақта тұрғын үйлер мен халықтың болмауы, жер телімдерінің толық бөлінбеуі және нақты қажеттіліктің болмауы анықталды.
Сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттама нақты жағдайға сәйкес келмеген, ал жобаны іске асыру қазіргі кезеңде экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қаржыландыру параметрлері қайта қаралып, қосымша келісім жасалды, нәтижесінде 1,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.
Осының нәтижесінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.