Tencent Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадземен бірге Kaspi.kz-ке инвестиция салды

Сурет: Kaspi.kz
Kaspi.kz бүгін Tencent, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе, басқарушы команданың негізгі мүшелері және институционалдық инвесторлар Baring Fintech Venture Funds қорынан Kaspi.kz-тің 6 млн американдық депозитарлық акциясын сатып алуды аяқтағанын хабарлайды.

Михаил Ломтадзе былай түсіндіріп өтті:

"Tencent — Қытайдың ірі технологиялық компаниясы, үздік қосымшаның бизнес-моделінің пионері және әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалардың бірі – 1,3 миллиардтан астам адам қолданатын WeChat-тың негізін қалаушы. Tencent-тің Kaspi.kz-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылуы – біз үшін үлкен мәртебе! Менің жеке инвестициям, басқарушы командамыздың негізгі мүшелерінің инвестицияларымен бірге компаниямыздың бизнес-моделіне және ұзақ мерзімді стратегиясына деген нық сенімді білдіреді. Біз сондай-ақ қаржытех саласындағы Spice Expeditions халықаралық инвестициялық компаниясының, АҚШ-тың Washington University және WISIMCO / University of Wisconsin Foundation сияқты университеттік инвестициялық қорларының ұзақ мерзімді акционерлеріміздің қатарына қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз".

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент пен 900 мың серіктес қолданады.

Қазақстанда біздің суперқосымша төлемдер, электронды коммерция, онлайн супермаркет, финтех, саяхат, хабарландыру, мемлекеттік қызметтер мен басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электронды коммерция платформа – Hepsiburada-ның 86%-ын иеленеді.

Kaspi.kz 2024 жылдың қаңтарынан Nasdaq-та саудаланады.

Қазақстан
Шымкент
Kaspi.kz
Алматы
Астана
Ломтадзе Михаил

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы