Полиция мемлекетаралық операция жүргізді: күдіктілер Қазақстан, Ресей және Қырғызстан аумақтарында ұсталды

Сурет: Жамбыл облысы ПД
Жамбыл облысында полиция Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде сот төрелігінен бой тасалап жүрген адамдарды іздестіру тиімділігін арттыруға бағытталған "Іздеу" бірлескен мемлекетаралық жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 26 күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың басым бөлігі жауапкершіліктен жалтару мақсатында Қырғызстан мен Ресей Федерациясының аумағында жасырынған.

"Ұсталғандардың арасында ұзақ жылдар бойы іздеуде жүргендер де бар. Мәселен, екі азамат 2017 жылдан бері ауыр қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан бой тасалап келген. Сондай-ақ, 2016 жылы ұялы телефонды ашық түрде жымқырып, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған Қордай ауданының 37 жастағы тұрғыны да қолға түсті",- деп мәлімдеді полиция.

Ведомство іс-шара нәтижесінде қазақстандық қылмыскерлер ғана емес, басқа мемлекеттер жариялаған мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматтар да ұсталғанын жеткізді. Атап айтқанда, полиция қызметкерлері кісі өлтіру және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері бойынша іздеуде жүрген Қырғызстан және Ресей Федерациясының азаматтарын ұстады.

"Мәселен, Мемлекеттік шекарадан өту кезінде Ресей Федерациясы ІІМ іздеу жариялаған 30 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталуда. Қазіргі таңда ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, полицейлер ұзақ уақыт бойы із-түзсіз жоғалған деп танылып, іздеуде жүрген жеті азаматтың жүрген жерін анықтады. Бұл — құқық қорғау органдары үшін ғана емес, олардың туған-туыстары мен жақындары үшін де маңызды нәтиже болды.

Бұған дейін СҚО-да 200-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы тәркіленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қырғызстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі