СҚО-да 200-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы тәркіленді

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 16:48 Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен азаматты ұстады.

Күдікті – Ақмола облысының 23 жастағы жұмыссыз тұрғыны. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол бір айға жетпейтін уақыт ішінде психотроптық заттарды "жасырын орындар" арқылы таратумен айналысқан.

Полицейлер күдіктіні Петропавл қаласындағы Набережная көшесінде ұстады. Тексеру барысында оның көзілдірік қорабынан ұнтақ тәрізді зат салынған 14 орама, сондай-ақ қалтасынан тағы 60 орама тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 64,1 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Нәтижесінде 200-ден 250-ге дейін бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылды.

Медициналық куәландыру нәтижесі күдіктінің психотроптық заттарды қолданғанын көрсетті. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: