Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
Сурет: polisia.kz
Талдықорған қаласының көшелерінің бірінде патрульдеу барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 26 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеке тінту кезінде ер адамның сырт киімінің қалтасынан қызыл және көк түсті изолентамен оралған, ішінде ерекше иісі бар ақ түсті заты бар 66 орамадан тұратын полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі құралы — мефедрон болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары мен іске қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript