Ақтөбе облысында синтетикалық есірткі сақтаған шетелдік азамат сотталды

Ақтөбе облысында синтетикалық есірткі сақтаған шетелдік азамат сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2024 18:52 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматшасын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев атап өткендей, тінту барысында шетелдік азаматшадан жалпы салмағы 2,97 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған кезде әйел кісі есірткіні жеке өзі тұтыну үшін Telegram-канал арқылы сатып алғанын айтты.

"Аталған факті бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ресей Федерациясының азаматшасы 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Малыбаев.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті қызметкерлері 159 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 5 өткізу фактісі, 11 аса ірі көлемдегі сақтау фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 31 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: