Ақтөбеде паротит індеті дендеп барады

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде эпидемиялогиялық паротит індеті дендеп барады. Бұл аурудан адамның құлақ бездері мен мойны ісініп кетеді. Сондықтан ел арасында оны "шошқа мойын" деп атайды. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

КТК дерегіне сүйенсек, індет соңғы бес жылда Ақтөбеде тіркелмеген. Тек осы сәуір айында ғана бес адамнан вирус анықталған. Эпидемиялогиялық паротит жұқтырғандардың қызуы көтеріліп, басы ауырып, құлақ маңындағы сілекей бездері үлкейеді. Індет жұқтырған – балалар. Екпе алғанда, мұндай жағдайға тап болмас еді дейді дәрігерлер. Шошқа мойын ауруын асқындырып алғандардың менингит сияқты қауіпті дертке шалдығуы мүмкін. Ол тіпті бедеулікке де әкеледі

"Облысымызда алғашқы бес жағдай тіркелді. Клиникалық белгілеріне сәйкес, зертханада растау мақсатында жұмыс жүргізілуде. Асқынса, менингит, энцефалит, орхитқа айналуы мүмкін. Болашақта бедеу болып қалуы да мүмкін". Гүлфайруз Жұбаева, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті бөлімінің басшысы:

Бұған дейін Қазақстанда құтыру ауруы бойынша азаматтарға ескерту таратылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған