Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді

Сурет: polisia.kz
13 сәуірде Ескелді ауданының тұрғыны полицияға арызбен жүгінді: жайылымнан 81 бас асыл тұқымды ірі қарасының 39-ы қайтарылмаған. Келтірілген материалдық шығын 46 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында болған жағдайдың мән-жайы белгілі болды. Малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді.

"Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде аталған азаматтың қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мал өз иесіне қайтарылды",- делінген полиция ақпаратында.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, мүлкін мұқият бақылауға және кез келген күмәнді жағдайлар туралы уақытылы хабарлауға шақырады.

Бұған дейін Қарағандыда алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды