Ведомство мәліметіне сүйенсек, "Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында көшелерді салу" жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында "Syganaq" БО мен "Ишим" ТК арасындағы қозғалыс толықтай жабылатын болады.
Сурет: Астана әкімдігі
"Аталған кезеңде инженерлік желілерді жүргізе отырып, көше құрылысы жұмыстары орындалады",- делінген ақпаратта.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.
Бұған дейін Астана әкімдігі 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратты жоққа шығарды.