Неге мұғалімдер мектеп директоры болғысы келмейді – депутат түсіндіріп берді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 22 сәуірде Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Вера Ким Қазақстанда мектеп директорларының жетіспеушілігі күрделі деңгейге жеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мектеп басқару саласында бірқатар мәселелер бар.

"Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 16 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік мектептерде 454 директорлық лауазым бос тұр. Бұл – барлық мектептердің 6,5%-ы, яғни шамамен әрбір он бесінші мектепте басшы жоқ деген сөз. Салыстыру үшін айта кетсек, халықаралық тәжірибеде 1–3% деңгейі өзінде алаңдатарлық саналады, ал 5%-дан жоғары көрсеткіш жүйелі шешімдерді талап етеді. Бізде бұл көрсеткіш – 6,5%", – деді ол.

Депутаттың айтуынша, кадр тапшылығы әсіресе өңірлерде айқын байқалады.

"454 бос орынның 399-ы ауылдық мектептерге, ал 56-сы қалалық мектептерге тиесілі. Ең күрделі жағдай Ақмола облысында – 63 бос орын, Солтүстік Қазақстан облысында – 56, Қарағанды облысында – 49. Сонымен қатар, 295 бос орын шағын жинақты мектептерге тиесілі, бұл ауылдағы бос орындардың шамамен төрттен үш бөлігін құрайды. Мұғалімдердің мектеп директоры болуға неге құлықсыз екені түсінікті: жауапкершілік жоғары, ал жалақы қарапайым мұғалімнен төмен", – деп атап өтті Вера Ким.

Мәселені шешу үшін депутат ауыл мектептеріне директорларды тарту және оларды ұстап қалу шараларын күшейтуді, ауылдық жерлерде басқарушы кадрларды ротациялауға сараланған тәсілдер енгізуді, сондай-ақ директорлық қызметтің тартымдылығын арттыруды ұсынды.

Бұған дейін депутат дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесін өзгертуді ұсынғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды