Қатыгездікпен өлтірілген: Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында ферроқорытпа зауытынан Ақсу қаласына қарай бірнеше шақырым жерден әйелдің мәйіті табылды. Желіде оның аса қатыгездікпен өлтірілгені жайлы ақпарат тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашында бұл туралы дерек "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында пайда болған. Куәгерлер мен дереккөздердің айтуынша, қылмыс ерекше қатыгездікпен жасалған.

"Оқырманнан түскен ақпарат бойынша, Павлодар облысында ферроқорытпа зауытынан Ақсу қаласына қарай 3 шақырым жерде әйел адамның денесі табылған. Сондай-ақ әйел зорланған болуы мүмкін және оның денесін өртемек болған деген дерек бар", – делінген мәліметте.

Оқиғаға қатысты Павлодар облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство ауыр қылмыс фактісін растады және күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"Ақсу қаласында әйелді өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД.

Бұған дейін Рудный әкімі рұқсатсыз салынған барға қарсы сотта жеңіске жеткенін жазғанбыз.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі