Оның айтуынша, заңсыз пайдалы қазбаларды өндіруге қарсы жауапкершілікті күшейту қажет.
"Бұл әкімшілік бақылау талаптарын күшейту мен қадағалау шараларын арттыруға қатысты. Атап айтқанда, шахталарда, жер асты қазба орындарында және адамдар кіре алмайтын жабық аймақтарда бейнебақылау мен цифрлық бақылау жүйесін енгізу ұсынылып отыр. Қазір заңсыз старательдерге тек әкімшілік айыппұл салынады, қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Біз бұл мәселені мүдделі мемлекеттік органдармен бірге көтеріп, депутаттар арқылы қылмыстық жауапкершілік енгізу бастамасын қарастыруды ұсынып отырмыз", – деді ол.
Жаңа ұсыныс заңсыз кен өндіруді азайтуға және кен орындарындағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.
Бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын уақытында вакцинацияламағаны үшін айыппұл салу көзделуде екенін жазғанбыз.