ШҚО-да үш жасар бүлдіршін үйден байқатпай шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған

Сурет: polisia.kz
ШҚО-да 3 жасар қыз үйден байқатпай шығып кеткен. Үлкендер бар-жоғы бірнеше минуттың ішінде баладан көз жазып қалған. Басында ата-анасы өз беттерінше іздеген. Алайда әр минут ғасырдай болып, қорқынышты үдете түскен. Жарты сағаттық нәтижесіз іздеуден кейін олар "102" арнасына хабар берген.

Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, олар дереу сигналды қабылдап, шұғыл іс-қимылға кірісті. Кешіктірмей жеке құрам жасақтары жұмылдырылып, аулаларды, көшелер мен шеткері аймақтарды жаппай тексеру басталды. Тәртіп сақшылары әрбір ықтимал бағытты тексеріп, тұрғындардан сұрастырды және жақын маңдағы аумақтарды – аулалардан бастап ашық жерлерге дейін мұқият қарап шыққан.

Іздеу жұмыстары шамамен 4,5 сағатқа созылды. Ақырында кішкентай қыз табылды. Бүлдіршінді үйінен 4 шақырым жердегі көлдің маңынан жедел уәкіл Медет Жансейітов тауып алды.

Сурет: polisia.kz

"Полицейлердің жүйелі іздеу жұмыстарының арқасында кішкентай қыз аман-есен табылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қыздың анасы толқынысын жасыра алмады. Ол полицейлерге жеделдігі мен қырағылығы үшін шын жүректен алғыс білдірді. Бұл оқиға – әрбір ата-анаға балаларға үнемі назар аудару қажеттігін тағы да еске салады. Кейде қас қағым сәттің өзі жағдай бақылаудан шығып кетуіне жеткілікті. Егер бала жоғалып кетсе – бір минут та жоғалтпай, бірден полицияға хабарласыңыз",- деп ескертті құзырлы орган мамандары.

Бұған дейін Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді облыстық полиция департаментіне қарасты Ақсуат ауданы полиция бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Бақытбек Лиясканов тауып алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі