Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup жеңімпаздарын марапаттады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы Alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup жарысының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Alem.ai battle байқауының жеңімпаздары төрт негізгі аталым бойынша анықталды.

AI Young Talents номинациясында ағзадағы глюкоза деңгейін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі үздік деп танылды.

AI Driving Power аталымында мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі жеңіске жетті.

AI Innovators бағыты бойынша жасанды интеллект арқылы қатерлі ісікті ерте анықтауға мүмкіндік беретін Robio диагностикалық қолғабы марапатталды.

Ал Future Builders аталымында жасанды интеллект модельдерін үйретуге арналған сапалы деректерді жинау және өңдеуге бағытталған NCSPEECH стартап сервисі үздік атанды.

Салтанатты шарада Мемлекет басшысы мұндай жобалардың елдегі жасанды интеллект экожүйесін дамытуға және инновациялық шешімдерді енгізуге зор үлес қосатынын атап өтті.

Үздік ЖИ-шешімдер байқауында мемлекеттік органдар арасынан Ішкі істер министрлігі ("AI Қауіпсіздік" аталымы бойынша), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ("AI Экономика"), Астана қаласының әкімдігі ("AI Әлеуметтік саясат"), Ақмола облысының әкімдігі ("AI Өңір"), Қарағанды облысының әкімдігі ("AI Азаматтарға қызмет") және "KEGOC" АҚ ("AI Квазимемлекеттік сектор") топ жарды.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі